Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:59

Астана Польшада әскери атташенің аппарат қызметкерінің ұсталғанын растады

атташе
Фото: ЖИ

13 тамызда ҚР Қорғаныс министрлігінің Халықаралық байланыстар орталығы Польша құқық қорғау органдары Қазақстанның әскери атташесі аппаратының қызметкерін ұстағанын ресми түрде растады.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта шетелдік тараппен бұл жағдайды шешу бойынша өзара жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық қатынастар орталығы Польша құқық қорғау органдарының қазақстандық әскери атташенің аппарат қызметкерін ұстау фактісін растайды. Қазіргі уақытта бұл жағдайды шешу үшін шетелдік тараппен өзара іс-қимыл жасалуда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдануда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 11 тамызда  Польшада Қазақстанның Украинадағы елшілігінде жұмыс істейтін әскери атташенің көмекшісі «тыншылық» әрекеттері бойынша қамалды.

Бірақ оның жеке тұлғасы, іс жайлы немесе тыңшылыққа қатысты сипаттағы мәліметтер жарияланбады. Кейбір ақпарат көздері, бұл жағдай НАТО-ға қарсы әрекет болуы мүмкін екенін меңзеді. Алайда әзірге бұл жайт нақты расталмаған.

Тегтер: