«Астана» – Қазақстан Суперкубогының иегері

04.03.2019, 03:07

42

Алматыда 2019 жылғы Қазақстан Суперкубогы сарапқа салынды. Ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері «Қайрат» өзара кездесті.Екінші жыл қатарынан аталмыш кубокта «Қайрат» басты қарсыласына жол берді. Тағы да гол соға алмады. Былтыр, тіпті, «Астана» 3:0 есебімен ұтқан болатын. Бұл жолы шабуылшы Джуниор Кабананганың екі голының арқасында жеңіске жетті.Бұл матчта «Астана»» сапында тек бір жаңа ойыншы ғана алаңға шықса, «Қайрат» бірден осы маусымда қатарға 4 легионерін алғашқы минуттан ойынға кіргізді.Матчқа тоқталатын болсақ, конголық шабуылшы әр таймда бір-бір доптан соқты. «Қайраттың» елорда клубына көрсетер қауқары болмады. Бәлкім, жаңадан келген ойыншылар әлі үйренісе қоймаған болар.Осылайша, «Астана» өз тарихында төртінші рет ел Суперкубогын жеңіп отыр. Бұған дейін 2001, 2015 және 2018 жылдары иелік еткен еді.«Жұмысымыздың жемісін көргенде рахат сезімге бөлінесің. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Енді, премьер-лиганың бірінші турына дайындаламыз. Суперкубоктың алдында қарсылас туралы толыққанды ақпарат жинауға тырыстық. Бірақ қорытынды шығару қиынға соқты. Өйткені, «Қайрат» оқу-жаттығу жиындары кезінде әр түрлі құраммен ойнады. Сондықтан бірінші кезекте өзіміздің ойынды ойладық. Допқа көбірек иелік еткен команда жетістікке жете алатына сенімдімін», –  дейді «Астана» бапкері Роман Григорчук.  Ал «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский қарсылас команданың бұл ойында жеңіске лайық болғанын алдағы уақытта қателіктерден сабақ шығаратынын айтты.«Роман Григорчукті және «Астана» клубын жеңісімен құттықтаймын. Олар бүгін жеңіске лайықты ойын көрсетті. Ал біз өз кезегімізде қателіктермен жұмыс істейтін боламыз. Сосын қорытынды шығаруға тырысамыз.  Оның үстіне, «Астана» тәжірибелі қарсылас. Бір футболшымыз алаңнан қуылғаннан кейін тіптен мүмкіндік қалдырған жоқ», – дейді Алексей Шпилевский.Фотоны автор ұсынды.  
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36