Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:19, 17 Маусым 2024

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры ұсталды

Антикор
Фото: Антикор

«Астана-Зеленстрой» ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деп күдікке ілінді. 

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті. Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті, делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін «Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынған болатын.

Мекеменің бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі болған.

3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Тегтер: