«Астана»: жаңа қарсыластар жорығы

04.09.2018, 21:18

3

Қатарынан төртінші жыл еурокубоктардың топтық турниріне жолдама алған «Астана» командасының қарсыластары белгілі болды. Елордалықтар Еуропа лигасының К тобында «Динамо» (Киев, Украина), «Ренн» (Франция) және «Яблонец» (Чехия) командаларымен ойнайтын болды. Осы қарсыластардың ешқайсысымен «Астана» бұрын-соңды кездесіп көрген емес. Ал үш команданың ішінен біреуі ғана («Динамо» К) бұрындары қазақ жеріне сапарлап қайтты: 22.08.2013 ж. Еуропа лигасына іріктеу. Плей-офф. «Ақтөбе» – «Динамо» К – 2:3 29.08.2013 ж. Қарымта матч. «Динамо» К – «Ақтөбе» – 5:1 «Ренн» Қазақстан клубтары еурокубоктарда кездесетін Францияның екінші командасы болмақ. 2015 жылы Еуропа лигасына іріктеудің плей-офф кезеңінде «Бордо» «Қайраттан» сырт алаңда соққан голы арқылы басым түскен еді (1:0, 1:2). Ал «Яблонец» – Қазақстанға ат басын тірейтін Чехияның бесінші командасы. Әр жылдары «Виктория Жижков», «Славия», «Слован», «Сигма» командалары қазақстандық командалармен еурокубоктарда кездесіп, бес текетірестің үшеуінде біздің ұжымдарды жолда қалдырды. Өткен маусымда «Славия» «Астанамен» Еуропа лигасының топтық турнирінде ойнады. Елордалықтар Прагада жеңіске жетіп (1:0), өз тарихында тұңғыш рет еурокөктемге жолдама алған-ды. Ал биыл «Сигма» Еуропа лигасына іріктеудің үшінші кезеңінде «Қайратты» аяқтан шалды. «Астана» командасының Еуропа лигасындағы ойын кестесі мынадай: 20 қыркүйек. «Динамо» К – «Астана» 4 қазан. «Астана» – «Ренн» 25 қазан. «Яблонец» – «Астана» 8 қараша. «Астана» – «Яблонец» 29 қараша. «Астана» – «Динамо» К 13 желтоқсан. «Ренн» – «Астана»Есалы ӨСТЕМІРФото: tengrinews.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34