Бүгін, 14:47
Астанада 15 метр биіктіктен құлаған үш жұмысшы ауруханаға түсті
Астанадағы құрылыс алаңында жұмысшылар мінетін люлька үзіліп, үш адам шамамен 15 метр биіктіктен жерге құлады. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
Қылмыстық іс қозғалды.
Полиция:
«Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлаған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының хабарлауынша, жарақат алған үш ер адам жеткізілген.
- 1981 жылғы ер адам – резекциялық трепанация жасалды. Дәрігерлер маңдай сүйегінің көпжақты сынған бөліктерін алып, қатаң ми қабығына пластика жасады. Жағдайы өте ауыр.
- 1984 жылғы ер адам — жағдайы орташа ауыр.
- 1997 жылғы ер адам — ауыр, бірақ тұрақты күйде.
Медициналық орталықтың мәліметінше, барлық зардап шеккендерге қажетті мамандандырылған көмек көрсетілген, ота жасалған, дәрігерлер олардың жағдайын бақылауда ұстап жатыр.