Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:46, 19 Қыркүйек 2024

Астанада 6,5 мың гектарға жуық жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

в
Фото: ашық дереккөз

Астанада құны 346 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаментінің Астана қаласы бойынша Есіл ауданы әкімдігінің хаттамасы негізінде ЖШС-нің жер учаскесін ұзақ уақыт пайдаланбауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Ауыл шаруашылығымен айналысуға арналған жер учаскесінің аумағы 6,4862 га құрайды, делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде ҚР Жер кодексінің 92-бабын бұзу фактісі расталды.

Астана қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен департаменттің талап арызы қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.