Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:31

Астанада Ақнәр Хамиттың анасын полиция алып кетті

Гүлстан Хамитова
Фото: скриншот

Астанада Ақнәр Хамиттың анасы – Гүлістан Хамитты полиция ұстап алып кеткен.

Бұл туралы адвокат Инга Иманбай мәлімдеді. Оның айтуынша, қайтыс болған жастардың аналары — Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнәр Гүлістанның аналары Президент Әкімшілігінің кеңсесі ғимаратының алдында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталған.

Адвокаттың сөзінше, аналар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыру үшін барған. Өтініште балалардың өліміне қатысты қылмыстық істердің әділ, тәуелсіз әрі толық тергелуін талап ету көзделген.

Айта кетейік, бүгін осы оқиғаға байланысты Ulysmedia журналисін де полиция ұстап алып кеткен.