Астанада әскери оркестр фестивалі
Жақында 6шілде Астананың туған күніне орай еліміздің Қарулы күштерінің қатысуымен Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы әкімінің ұйымдастыруымен «Астана мәдениет керуені» атты халықаралық әскери оркестрлер фестивалі өтеді.
Фестивальға Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Жапония Қарулы күштерінің әскери-музыкалық ұжымдары мен ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұлан әскерінің оркестрлері қатысады.
Фестивальдің басты мақсаты – мәдениетті дамытуға, бейбітшілік бастамаларды ілгерілетуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін паш ету болып табылады.
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы басшысының айтуынша, Арман Әсенов: «Әскери оркестрлер фестивалін өткізу туралы ұсынысымызға сегіз ел қолдау білдірді. Бұл олардың бірегейлігін көрсетіп, танымал әуендер мен композицияларды орындау арқылы шығармашылық мүмкіндігін паш етуге жол ашады. Фестиваль қызықты өтетініне сенімдімін», – деді.
Астана қаласында 6 шілде күні 19.00-ден 20.00-ге дейін Band Marathon өтеді. Есіл өзені жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында бес жүзге жуық музыкант қатысатын он бір музыкалық ұжым өнер көрсетеді.Ал 7 шілде күні 21.00-да Астананың бес алаңында әскери оркестрлер бір сағаттық «Перфоманс шоу» концерт көрсетеді. ЭКСПО аумағында, «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында, орталық саябақта және ботаникалық бақта оркестр өнер шеберлерінің бірегей музыкалық композицияларын тамашалауға мүмкіндік бар.
Және де Астана қаласындағы «Барыс Арена» көпбейінді мұз сарайында «Астана мәдениет керуені» атты гала-концерті де өтеді. Концерт барысында әскери, патриоттық, халық әндері мен эстрадалық әуендер шырқалады деп күтілуде. Бірлескен қойылымдар, оркестрлер дефилесімен қоса әскери қарумен қойылымдар ұйымдастырылады. Бұл фестиваль бірінші мәрте өтіп жатқандықтан, өте есте қаларлық көріністерге толы болмақ, кіру тегін, Астана қаласы тұрғындары мен қонақтары келеді деп күтілуде. Фестивальға келіп, еліміздің сарбаздарынан құралған өнерпаздарға қошемет көрсетіп, әскеріміздің айбынын асқақтатып, патриоттық әндермен қазақтың рухын көтеріп, мерекелік көңіл күй сыйлаңыздар.