Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:17, 27 Шілде 2023

Астанада автобус жүргізушісі жол үстінде жүрек талмасынан қайтыс болды

None
None

 Астанада қалалық автобус жүргізушісі  жолда кетіп бара жатып қайтыс болды. Ақпарат CTS-те расталды.

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде пайда болды.

CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі оқиғаның 27 шілде күні сағат 10:20-да Бөгенбай батыр даңғылында, Бейбітшілік аялдамасына жақын жерде болғанын хабарлады.

«Бағыт бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілген, бірақ есін жимай көз жұмды. Өлімнің алдын ала себебі — жүректің тоқтауы. Жолаушылар көлігіндегі жүргізуші 15 жылдан астам жұмыс істеген. Жүргізуші демалыстан кейінгі 2-жұмыс күнінде жұмысқа шыққан. Сапар алдында 05:54-те медициналық тексеруден өткен", — деп хабарлады компания.

Оқиға салдарынан басқа зардап шеккендер жоқ.

«Біз отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», — деді CTS.

Тегтер: