Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:10, 05 Тамыз 2024

Астанада балабақша меңгерушілері балалардың тамағына бөлінген ақшаны ұрлаған

с
Фото: dzen.ru

Астанада мектепке дейінгі 5 ұйымның меңгерушілері мен көмекшілері балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Анықталғандай, бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.

Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған. Мемлекеттік айыптаушы - прокурор сотталғандардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды. Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды, делінген хабарламада.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде, меңгерушілердің келтірілген залалды өтегені, кінәларын толық мойындағаны және олардың кішкентай балаларының бар екендігі танылды. Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жыл бас бостандығынан айырылды.

Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражаттың барлығы бюджетке қайтарылып, Үкім заңды күшіне енді.