11:50, 03 Қыркүйек 2024
Астанада балабақшалар орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған
Астана қалалық прокурорлары елорданың мектепке дейінгі ұйымдарында көптеген заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.
Балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жұмысшыларды жалған жұмысқа орналастыру анықталды. Анықталған жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды, делінген хабарламада.
Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары орын алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
Жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды.
Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылғаны айтылады.