Бүгін, 17:10
Астанада бір күнде екі адам биіктен құлап қаза тапты
Астанада 18 желтоқсан күні бір күннің ішінде екі бірдей қайғылы оқиға тіркелді.
Қаланың әртүрлі аудандарында көпқабатты үйлер маңынан адамдардың мәйіті табылды.
Полицияға алғашқы хабарлама «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағынан ер адамның сүйегі табылғаны жөнінде түскен. Оқиға орнына келген құқық қорғау органдары оның жеке басын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай суицид ретінде қарастырылып отыр.
Сол күні елорданың өзге ауданында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 18-қабаттан құлаған жергілікті тұрғын оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары болған жағдайлардың барлық мән-жайын анықтап, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.