Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:45

Астанада «Брюгге» жанкүйерлерінің даулы перформансы полицияның араласуына себеп болды

Қайрат
Фото: ФК «Кайрат»

Астана қаласындағы стадионда бельгиялық «Брюгге» футбол клубының жанкүйерлері көпшіліктің наразылығын тудырған перформанс ұйымдастырды.

Тараған бейнежазбалардан жанкүйерлердің жасыл түсті шомылу киімін киіп шыққаны байқалады. Бұл киім «Борат» фильмінен кейін кеңінен танылған.

Шетелдіктердің этикаға сай келмейтін әрекеті полицияның назарын аударып, олар бөлімшеге жеткізілді.

Оқиғаға қатысты полиция мен матчты ұйымдастырушылар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы өз алаңында бельгиялық «Брюгге» клубымен кездесіп, 1:4 есебімен ұтылды.