Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:21, 25 Қыркүйек 2024

Астанада экотуризмді дамыту мақсатында Fishbowl пікірсайысы өтті

1
Фото: ашық дереккөз

Елімізде экотуризм Қазақстандағы туризмді дамытудың негізгі бағыттарының бірі саналады. Осы бағыттың дамуы туралы 25 қыркүйекте Астанада Қазақстанның жетекші туристік операторларымен Fishbowl пікірсайысы өтті.

Fishbowl пікірталасының мақсаты Президент Тоқаевтың айтқан экологиялық факторлардың әсерінен қорғауды тапсырмасын және туризм қағидаттарын ілгерілетуге және осы маңызды саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Пікірсайысқа келген «Атамекен» Ұлттық палатасы комитетінің жетекшісі Юлия Якупбаева елімізде туризмнің негізгі бағыттары экологиялық және мәдени туризм екенін баса айтты.

1

«Біздің еліміздің сұлу табиғи аймақтары мен туристерді қызықтыратын мәдени-тарихи базасы бар», - деді ол.

Якупбаеваның айтуынша, экотуризм еліміз үшін экономикалық өсуді, қоршаған ортаны қорғауды және әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамытуға мүмкіндік беретін стратегиялық даму жолы болып саналады.

Бұдан бөлек пікірсайысқа келген президент орталығының директоры Бақытжан Темірболат туризм және спорт министрлігінің салаға салынған инвестиция туралы мәліметтерін келтірді.

«Биылғы туризм саласына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өсіп, 390 миллиард теңгеден асты», - деді Бақытжан Темірболат.

1

Қазақстандағы экотуризм – еліміздің әсем табиғи көрікті жерлерімен танысу ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны сақтауға үлес қосу мүмкіндігі. Экотуризмді дамыту туристерді тартуға, жергілікті қауымдастықтарды қолдауға және мәдени мұраны сақтауға көмектеседі. Экологиялық туризмге инвестиция салу – табиғат пен туризм біріккен Қазақстан үшін тұрақты болашаққа инвестиция саналады. Кейінгі жылдары Қазақстанда туристердің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға саяхаттауға, ерекше табиғатты зерттеуге және байырғы халықтың дәстүрлі өмір салтын білуге деген қызығушылығы артып келеді. Экологиялық туризм қазақстандықтар арасында да, туристер арасында да танымал трендке айналып жатыр. 

1
ЖИ

Сөзімізге дәлел ретінде айта кетейік, биыл 2023 жылмен салыстырғанда туристер саны әлдеқайда артқан. Мысалы, билғы жылдың жартысында елімізге келген туристер саны 566,5 мың адам. Бұл былтырғымен салыстырғанда 50,7 мың адамға көп. Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы алты айында елімізге ең көп туристері келген ел – Ресей Федерациясы. Көрші елден 186,1 мың адам қонақ боп келген. Одан кейінгі мемлекет – Қытай Республикасы. Қытайдан 70 мыңға жуық турист келіпті. Үшінші орында Үндістан елі. Бұл елден 53 695 адам саяхаттап келген. Сондықтан елімізде экотуризмнің ең жақсы бағыттары дамып жатыр және экологиялық туризмге қолайлы жерлер көп. Мысалы, Шарын каньоны Алматы облысындағы әлемдегі ең көркем және ерекше каньондардың бірі. Көлсай мен Қайыңды көлдерін де танымал туристік орындарға жатқызуға болады. Бұл жерде қонақтар мөлдір су мен тамаша табиғаттан ләззат ала алады. Тағы бір танымал орынның бірі – Іле-Алатау ұлттық паркі. Парктің Алматыға жақын орналасуы тау туризмі мен экотурлар үшін танымал орынға айналдырады. Бұл жерде арнайы еріктілер келген туристерге экотуризмнің не екенін, табиғатты бүлдіріп қоқыс тастаудың салдары неге апарып соғатынын тәптіштеп түсіндіреді. Содан соң Іле-Алау паркіндегі Аюсай резиденциясынан осы уақытқа дейін тасталған қоқыстардан алынған ерекше заттарды да көре алады. Оның ішінде 1970 жылдардан қалған қоқыс қалдықтары да бар. Бұдан бөлек еріктілер келген қонақтарға табиғатта серуендеген кезде қоқыс тастамаудың жолдарын айтады.

Қорыта айтқанда экотуризм – қоршаған ортаны сақтауға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған жай демалыс емес, табиғатпен байланысу, әртүрлі экожүйелер туралы көбірек білу және мемлекетіміздің дамуына үлес қосу мүмкіндігі болып саналады.

Тегтер: