Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:47

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Ұлдана Мырзуан
Фото: из открытых источников

Ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ұлдана Мырзуанның анасы мен туыстары, сондай-ақ жедел жәрдем қызметкерлері қатысты. 

Министр Ұлдананың «Даналық» колледжін үздік бітіріп, Астана қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында адал еңбек еткенін атап өтіп, оның есімі отандық медицина тарихында мәңгі қалатынын жеткізді.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Оқиға 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар үйінді астында қалған. Оларға көмекке бірінші болып Ұлдана жеткен. Ол бірден қираған плиталардың астынан балаларды тартып шығарып, өмірлерін сақтап қалған.

Алайда арада бірнеше секунд өткенде дәл сол жерге кондиционер құлап, фельдшердің үстіне түскен.

10 күн бойы дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресті. Ұлдана жансақтау бөлімінде «өте ауыр» жағдайда жатты. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол қаза тапқан.