Бүгін, 11:00
Астанада қаза болған фельдшердің құрметіне ескерткіш орнатылады
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 3 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында хабарлады.
«Біз оның білім алған колледжінде аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл біз үшін өте қиын әрі қайғылы сәт. Сондай-ақ, оған арнап ескерткіш орнатуды да қалаймыз», - деді министр.
Қайғылы оқиға қалай болды?
Оқиға 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар үйінді астында қалған. Оларға көмекке бірінші болып Ұлдана жеткен. Ол бірден қираған плиталардың астынан балаларды тартып шығарып, өмірлерін сақтап қалған.
Алайда арада бірнеше секунд өткенде дәл сол жерге кондиционер құлап, фельдшердің үстіне түскен.
10 күн бойы дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресті. Ұлдана жансақтау бөлімінде «өте ауыр» жағдайда жатты. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол қаза тапқан.