Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:07, 19 Желтоқсан 2023

Астанада қоғам белсендісі Асқар Сембайға үкім шығарылды

Асқар Сембай
Фото: из открытых источников

Астанада тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты деп айыпталған Асқар Сембай алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhasalash.kz

Cот үкімі шықты, Асқар Сембай алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Естеріңізге салсақ, белсенді Асқар Сембай 12 мамырда ұсталып, тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысты деп айыпталған болатын. 

2019 жылдан бері Асқар Сембай адам құқықтарын сақтауды талап еткен бейбіт шерулерге қатысып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Үш жыл бұрын ол тіркелмеген «Көше партиясы» қозғалысына қатысты іс бойынша жауап алынған.

Ұсталғаннан кейін оған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдады деген айып тағылды. Ол сондай-ақ билікті басып алуға шақырды деп айыпталды.