Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:59, 21 Ақпан 2024

Астанада қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтерілді

Астана
Фото: из открытых источников

Астана қалалық автобустарында енді жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Zhasalash.kz. 

Елорда әкімдігі қалалық және қала маңындағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифін талқылауға шығарды. Аталған қаулы жобасы 2024 жылғы 5 наурызға дейін қоғам талқылауына ұсынылып отыр.

Қалалық автобустарда жол жүрудің бірыңғай тарифін қолма-қол ақшасыз төлеу үшін 110 теңге деп белгілеу ұсынылып отыр. Сондай-ақ олар қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша сапарларға сараланған тарифтер белгілейтін болады. Барлық бағалар жолаушылардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануын ескере отырып белгіленеді.

Жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобильмен тасымалдау бағасы 250 теңге, жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау – 110 теңге, жолаушылар мен багажды қала маңындағы автомобильмен тасымалдау – километріне 9,5 теңге болады, - делінген әкімдіктің қаулысында.

Қоғамдық көлікте қолма-қол ақшамен жүру қымбатырақ болады. Қала бойынша автобуспен – 250 теңге, жедел пойызбен – 350 теңге, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда – 220 теңге. Қала маңына көлікпен бару километріне 9,5 теңгенің орнына 14 теңге тұрады.

Жол жүру ақысын төлеудің электронды жүйесі жұмыс істемей қалған жағдайда электронды жол жүру құжатын немесе қосымша электрондық төлем қызметтерін пайдалана отырып төлейтін жолаушы тегін жол жүруге құқылы, – деп түсіндірді әкімдік.