Астанада коронавирус жұққан тағы бір адам анықталды

24.03.2020, 11:40

25

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 12.00-де Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Сейсенбі таңертеңнен бері қалада осымен үшінші адамнан коронавирус анықталып отыр.

Сoronavirus2020.kz сайтындағы дерекке сәйкес, сейсенбі күні таңертең вирус табылған бірінші науқас 22 наурызда Минск — Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшақпен келген. Ол бір ай Лондонда оқуда болған. Нұр-Сұлтанда карантинге жатқызылған. Онымен ұшақта бірге болған адамдарды анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Екінші науқас дәрігерлерге өзі хабарласқан.

«21 наурызда әйелдің дене қызуы көтерілген. Сол себепті 22 наурызда инфекциялық стационарға жатқызылған. Денсаулығы тексеріліп, 24 наурызда одан коронавирус анықталды. Шағымы жоқ. Дене қызуы қалыпты нормада» деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Түс кезінде хабарланған науқас туралы дерек жоқ.

Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда — 29 адам, Нұр-Сұлтанда — 35 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

Коронавирус жайлы соңғы ақпаратты оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36