Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Астанада құрылыс алаңында 17 жастағы студент қаза тапты

Өнеркәсіп және құрылыс
Фото: из открытых источников

Астанада 17 жастағы Ерсұлтан есімді студент құрылыс алаңында қайғылы жағдайда көз жұмды. Ол қосымша табыс табу үшін құрылыс жұмысына шыққан.

Құбыр жүргізу үшін ор қазу кезінде кран бетон іргетасын көтеріп жатқан сәтте ауыр құрылым жас жігіттің үстіне құлаған. Ол алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды.

Ерсұлтан теміржол колледжінің 3-курс студенті болған, жуырда ғана Қытайдан тәжірибеден өтіп келген. Ата-анасының айтуынша, сол күні үйде болатынын айтқан ұлының өлімін кешқұрым полиция хабарлаған.

Марқұмның туыстары тергеудің баяу жүріп жатқанына және құрылыс жұмыстарының тоқтатылмағанына наразы. Айтуларынша, кран машинистерінің қанынан есірткі іздері табылған. Екеуі 15 тәулікке қамауға алынған.


Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тегтер: