Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:07, 24 Қыркүйек 2024

Астанада LRT құрылысынан ер адамның мәйіті табылды

ы
Фото: КазТАГ

24 қыркүйек күні таңертең Астанада салынып жатқан LRT желісінде 38 жастағы ер адам асылып қалған күйі табылды.

Видеоны жергілікті Telegram арналары жариялады. Кадрлардан ер адамның денесі құрылыстың төбесінде салбырап тұрғанын көруге болады.

«24 қыркүйекте «103» пультіне қоңырау түсті. Келгеннен кейін асылып өлген адамның денесі табылды. Жағдайы белгісіз, мәйіт полицияға тапсырылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Полиция 102 арнасына Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс алаңында ер адамның асылып қалғаны туралы хабар түскенін хабарлады.

«38 жастағы марқұмның жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді Астана полиция департаментінен.

Тегтер: