Астанада машиниссіз LRT пойыздарының толық құрамымен сынақ басталды
Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесі 19 құрамды бір уақытта іске қосып, кешенді сынақ кезеңіне өтті.
Жаңа сынақ кезеңі толық автоматтандырылған GOA4 деңгейінде, яғни машиниссіз режимде жүргізіліп жатыр. Сынақ барысында пойыздардың қозғалыс кестесі, жолаушыларды отырғызу және түсіру, станциялардағы тоқтау уақыты сияқты негізгі пайдалану параметрлері модельденеді.
Бұл кезеңдегі тест нәтижелері жүйелерді қосымша реттеу, сондай-ақ LRT-ның тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Жалпы Астанаға 19 пойыз құрамы жеткізілген. Пайдалану кезеңінде 15 пойыз тұрақты қатынайды, ал қалғандары резерв ретінде қарастырылған.
Бұған дейін Астана әкімдігі -да балаларға арналған жол жүру шарттары қандай болатынын да хабарлаған еді.