Астанада мектеп оқушылары қатарластарын жабылып ұрып, видеоға түсірген
Астанадағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясының оқушылары қатарластарын жабылып, ұрып-соққан. Ал, қасындағы балалар буллингті видеоға түсірген.
Видео астындағы жазбада 9-сынып оқушыларының өз құрдастарын үнемі ұрып-соғатыны жазылған.
Оқушылар тобы үнемі басқа оқушыларды қорқытып, ұрып-соғып, мазақ қылған. Жаппай жабылатындардың құрамында шамамен 15 адам болған. Оқытушылар құрамы, меңгерушілер мен директор бұл жайтты білсе де, ешқандай шара қолданбайды деген ақпарат бар, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының Темір ауданында оқушылар арасында жанжал болып, бір оқушы мерт болған болатын. Оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген.
Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді.