Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:17, 28 Наурыз 2024

Астанада мүгедек азаматтардың көліктері «Жеңілдіктер тізіміне» енді

а
Фото: из открытых источников

Астана қаласының прокурорлары көлік тұрағында мүгедек жандарға тиесілі мүмкіндіктен айырған заңсыз әкімшілік материалдарының күшін жойды. Бұл туралы тиісті ведомства өкілдері мәлімдеген.

Елорда әкімдігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС басқарушы компаниясына бере отырып, ақылы автомобиль тұрақтары үшін орындар белгіленген. Бұл ретте мұндай тұрақтарда мүгедектерге тіркелген көлік құралдарын тегін орналастыру көзделген. Көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту техникалық құралдардың («Күзет-М») көмегімен автоматты режимде жүзеге асырылып, мүгедектерді көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігінен айырғаны талдаумен анықталды, делінген хабарламада.

Айта кетейік, паркоматпен жабдықталған тұрақ үшін төлеуден жалтарған кезде 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған (ӘҚБтК 597-бабының 4-1-бөлігі).

Осы бағытта жұмыс атқарған, Нұра ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күші жойылып, елордада тұратын мүгедектерге тіркелген автокөлік құралдарын анықтауға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Халықтың арнаулы топтарының құқықтарын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Нұра ауданының прокуратурасы бала кезінен мүгедектерге және I, II топтағы мүгедектерге тіркелген 4 636 көлік құралын анықтап, «Жеңілдіктер тізіліміне» енгізді.

Осылайша, аталған санаттағы азаматтар тиісті жол белгілерімен белгіленген орындарда тұрақ үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға автоматты режимде әкімшілік айыппұл салудан босатылды.

Айта кетейік, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдарының басым міндеті болып табылады.

Ал, осы орайда мүгедектігі бар адамдардың қандай құқықтары бар дегенге келсек. Ең әуелі, кез келген мүгедектігі бар азамат мемлекет тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғауға алынған. Сонымен қатар, білім ошақтарынад оқу мен тәрбие жағдайларымен қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдардың мынадай құқықтары бар:

  • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;
  • мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;
  • арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;
  • кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
  • инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;
  • өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
  • мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқығына ие болады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері мынадай:

  • Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер
  • Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер
  • Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандардың өз кәсібімен айналысып, табыс табуы үшін де тиісті жағдайлар жасалып келеді.

Фото: Астана қаласының прокуратурасы