Астанада наурыз айында шахматтан әлем чемпионаты өтеді

20.02.2019, 19:11

7

Астана қаласы классикалық шахматтан әлем чемпионатын қабылдайды. Бүгін елорда төрінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.Чемпионаты алдағы 4-5 наурызға жоспарланған. Оған 20 команда қатысады деп күтілуде. Яғни 10 ерлер, 10 әйелдер командасы бақ сынаспақ. Арасында Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Үндістан, Украина, Грузия елдерінің үздік шахматшылары бар.«Шынымен де, әлем чемпионатына белсенді түрде дайындық жүргізіп жатырмыз. Бұл өзі айтулы іс-шара. Оның үстіне мемлекет басшысының өзі қолдап отыр. Әлем чемпионаты елдегі шахмат спортының дамуын оң септігін тигізеді деп үміттенеміз. Қазіргі кезде Қазақстанда шахматпен белсенді айналысатын 200 мыңнан астам адам бар.Оның ішінде балалар мен жасөспірімдер де бар. Бұл спорт түрінің елімізде одан әрі дамуына біздің белгілі спортшыларымыз Динара Сәдуақасова, Әнуар Исмағамбетов, Жансая Әбдумәлік пен Дәрмен Сәдуақасовтардың қосып жүрген үлесі зор», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтуынша, жанкүйерлер әлем чемпионатын үлкен залда тегін тамашалай алады екен.«Командалық әлем чемпионатының өзіндік ерекшілігі бар. Бір үлкен залда үздік командалар өзара ойнап жатса, қасындағы бөлмедегі басқада дайындық жүргізіліп жатады. Өкінішке қарай, ойын залына көрермендерді кіргізе алмаймызү өйткені, әлем чемпионаты онлайн-тақтада өтеді,– дейді Ирина Грищенко.Бұл әлем чемпионатына министрліктен бөлек, демеушілер де өз үлестерін қосып жатыр екен. Атап айтсақ, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры және Еуразия Топ кәсіпорындары қаржылай қолдау көрсетпек. Арыстанбек Мұхамедиұлы жүлде қоры қалай болатыны әзірге белгісіз отыр. Себебі, жиналған қаражатқа байланысты үлестірілетін көрінеді.Сондай-ақ Ирина Грищенко турнирдің ережесін түсіндіріп өтті.«Астанада екі бірдей әлем чемпионаты – ерлер және әйелдер арасындағы біріншілік қатар өткізілгелі отыр. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді, яғни барлық команда бір-бірімен кездесіп шығады. Сосын ұпайлары есептеліп, жеңімпаз анықталады. Егер ұпайлары тең болған жағдайда, қосымша көрсеткіштер бойынша саналады», – дейді ол. Айта кетейік, командалық әлем чемпионаты ең алғаш 1985 жылы басталған. Алғаш 4 жыл әлем чемпионатын Швейцарияның Люцерн қаласы қабылдаған. Алғашында 4 жыл сайын сайын өтіп тұрған. 2010 жылдан бастап, әрбір екі жыл сайынға ауыстырды.Командалық шахматтан Қытай мен Ресей құрамалары әлемде фаворит. Соңғы чемпиондықты ерлер арасында Қытай, әйелдер арасында Ресей құрамасы жеңіп алған.Қазақстан бұған дейін 2013 жылы әйелдер арасындағы командалық чемпионатты бір рет өткізген. Ал ерлер арасындағы чемпионат біздің елде алғаш рет болмақ.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27