Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:20, 13 Қыркүйек 2024

Астанада «Отбасы банкі» арқылы алаяқтық жасаған екі тұрғын сотталды

а
Фото: yandex.kz

Астана қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған елорданың екі тұрғынына қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.

Алаяқтар "Отбасы банкінде" ипотекалық қарызды тиімді шарттармен ресімдеу мүмкіндігі туралы жәбірленушілерді жаңылыстырғаны анықталды. Мысалы, алаяқтар жәбірленушілердің біріне "Отбасы банк" АҚ-ға бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 8 млн теңгеден астам сомаға несие ресімдеуді ұсынған.

Сонымен қатар, несие ипотекалық қарызбен бірге қайта қаржыландырылатыны туралы жалған мәліметтер хабарлаған.

Кінәлі тұлғалар өз әрекеттерінің жалған заңдылығын көрсету мақсатында дара кәсіпкерлік ашып, кеңсе бөлмесін жалға алуы 27 жәбірленушінің ақшасын алдап, иемденуге мүмкіндік бергенін сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы дәлелдеді.

Келтірілген шығын 30 млн теңгеден асты.

Сот үкімімен кінәлілердің әрқайсысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, үкім заңды күшіне енді.

Материалдық залал сотталғандардан өндірілді.

Тегтер: