Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:16, 13 Тамыз 2024

Астанада «TikTok» арқылы құмар ойын өткізгендер сотталды

P
Фото: pixabay
Астанада «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы құмар ойындарын ұйымдастырған және өткізген екі тұрғын сотталды. 

Астана қалалық прокуратурасының мәліметінше, кінәлі тұлғалар алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен «TikTok»әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізген. 

Ойынның шартына сәйкес, тікелей эфирге қосылған азаматтар 500-ден 4000 теңгеге дейінгі мөлшердегі белгіленген соманы ұйымдастырушының есепшотына есімін және ұтыс алу үшін жеке телефон нөмірін көрсете отырып жолдайды. Бір ойын тек екі қарсыластың арасында өтеді.

Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесін айналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болып жарияланады. 

Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Үкім заңды күшіне енді.

Тегтер: