Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:27

Астанада Ulysmedia журналисі полиция тарапынан ұсталды

1
Фото: Ulysmedia

Астанада Министрліктер үйінің алдында баласынан айырылған ата-аналар жиналып, Қазақстан Президенті Әкімшілігіне ұжымдық өтініш тапсыруды көздеген.

Оқиға орнына жағдайды жариялау үшін барған Ulysmedia.kz сайтының журналисін полиция белгісіз себептермен ұстап әкеткенін басылым хабарлады.

Жиналған әйелдер қаза тапқан балаларының портреттерін ұстап тұрған. Олардың арасында Алматыда өз үйінің ауласынан асулы күйінде табылған мектеп оқушысы Адель Ақанованың анасы Айнагүл Бейісова да бар. Анасы қызының өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін, оны өлтірген деп есептейтінін айтты.

Сондай-ақ акцияға Ақнәр Гүлстанның анасы Гүлстан да келген. Ақнәрдің мәйіті Алматыдағы тұрғын үй кешенінің терезесінің астынан табылған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, қыз жетінші қабаттан құлап кеткен, алайда анасы бұл болжамды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Ата-аналар әділ тергеу жүргізуді және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр.

Еске салайық, 2024 жылдың шілдесінде Ақнәр Гүлстан жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Ресми дерек оны суицид деп бағалағанымен, анасының айтуынша, бейнежазбада қыздың терезеден біреу оны итеріп жібергені көрінеді.