Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:37

Астанада үстіне кондиционер құлаған 23 жастағы фельдшер көз жұмды

Ұлдана Мырзуан
Фото: ашық дереккөз

Астанада 8 қарашада үстіне  кондиционер құлаған кезде ауыр жарақат алған жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан бүгін, 18 қарашада ауруханада қайтыс болды.

 Ол небәрі 23 жаста еді.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қайғылы хабарды растады.

«Тұрғын үй кешенінің сыртқы кірпіш қаптамасының және кондиционерлік құрылғының құлауы нәтижесінде қызметтік міндетін атқару кезінде ауыр жарақат алған фельдшер 18 қарашада көз жұмды», - деп хабарлады ведомство.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Оқиға 8 қарашада тұрғын үйдің қасбеті құлап, адамдар үйінді астында қалған. Оларға көмекке бірінші болып Ұлдана жеткен. Ол бірден қираған плиталардың астынан балаларды тартып шығарып, өмірлерін сақтап қалған.

Алайда арада бірнеше секунд өткенде дәл сол жерге кондиционер құлап, фельдшердің үстіне түскен.

10 күн бойы дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресті. Ұлдана жансақтау бөлімінде «өте ауыр» жағдайда жатты. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан ол қаза тапқан.

Қылмыстық іс қозғалды

Оқиғадан кейін бірден «Сапасыз құрылыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін тергеуге тағы бір бап — «Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету» қосылған.

Қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары құрылыс сапасына жауапты тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуді талап етіп жатыр.