Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:13

Астанада жедел жәрдем станциясының бұрынғы басшысы қаржы жымқыру күдігіне ілінді

Е
Фото: ашық дереккөз

Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралуда. Айыпталушылар қатарында мекеменің экс-директоры Мұрат Оразбаев, сондай-ақ көлік бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Балабеков пен экс-механик Айбек Әбдіров бар.

 Тергеу нұсқасына сәйкес, олар бюджет қаржысын заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін.

Үшеуіне де аса ірі және ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша айып тағылған. Мұрат Оразбаев бұл қызметті 2019 жылдың қарашасынан бастап атқарған.

2023 жылдың желтоқсанында ол қызметінен шеттетіліп, қазіргі уақытта қамауда отыр. Қылмыстық іс 2026 жылдың қаңтарында Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түскен.

Сот алдын ала тыңдау өткізіп, негізгі процесс басталған. Қорғау тарапы ұсынған істі тоқтату, материалдарды прокурорға қайтару және бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтініштер қанағаттандырылмады. Үш айыпталушы қамауда қалса, тағы бір күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі шектеу шарасы қолданылған.