Астанада жолаушылардың 51%-ы жолақысын төлемейді
Астанада жолаушылардың 51%-ы қоғамдық көлікте жолақы төлемейді. Бұл туралы №1 Автобус паркінің басшысы Медет Шақаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір Астанада 400 автобус жетіспейді. Биыл жыл аяғына дейін компания 320 жаңа Youtong автобусын сатып алуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар 80 автобус алады.
— Автобустардың орташа жарамдылық мерзімі 6-9 жыл. Астана қаласының тасымалдау ережесі бойынша автобустардың қолданылу мерзімі 14 жылдан аспауы қажет. Осыған байланысты маршруттарды жаңғырту шеңберінде биыл «№1 Автобус паркі» жаңа 320 автобусты алуды жоспарлап отыр. Ал 2024 жылы 100 автобус сатып алынбақ, — деді Медет Шақаев.
Сондай-ақ ол елорда тұрғындарының көбі жол ақысын төлемейтінін айтты.
— Соңғы CTS деректері валидацияның ұлғаюы ең аз екенін көрсетті, яғни 51%. Бұл – жолаушылардың кемінде 51 пайызы жолақы төлемейді деген сөз. Ал бұл дегеніміз – біздің шығынымыз, жалақымыз, уақытында сатып алған жанар-жағармайдың қосалқы бөлшектері.
Елорда тұрғындарынан жол ақысын төлеу қажеттігін өтінемін. 100 адам тасымалдайтын болсақ, 51 адам жол ақысын төлемейді, — деді Медет Шақаев.