Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:51

Астанадағы әуежайда боран салдарынан 15 рейс кешікті

Эйр Астана
Фото: Sputnik / Наталья Селиверстова

Астанадағы "Астана" халықаралық әуежайы күрделі ауа райына байланысты рейстердің кешіктіріліп жатқанын хабарлады.

Қолайсыз ауа райы салдарынан әуе қатынасына уақытша шектеулер енгізілген.

Қазіргі уақытта келу бағыты бойынша 11 рейс кешігіп, тағы бір рейс мүлде тоқтатылған. Ал ұшу бағыты бойынша төрт рейс белгіленген уақытынан кеш аттанбақ.

Әуежайдың ресми хабарламасында мынандай түсініктеме берілген:

«Әуежай аумағында қолайсыз ауа райы қалыптасты. Әуежай мен барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда».

Рейстердің кешігуіне негізгі себеп — қолайсыз ауа райы салдарынан әуе кемелерінің Астанаға уақытында жете алмауы.

Әуежай әкімшілігі жолаушыларды онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми хабарламаларын және терминал ішіндегі ақпараттық хабарландыруларды үнемі бақылап отыруға шақырды.