Бүгін, 13:20
Астанадағы LRT желісінде Назарбаев сөзі қолданылмайды

LRT станцияларының атауына өзгеріс енгізілді.
Назарбаев Университетінің жанындағы станцияға бұрынғыдай “Назарбаев Университеті” емес, қысқа нұсқасы — “Университет” атауы берілді. Бұл шешім бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында мақұлданды.
Айта кетсек, Астанадағы LRT – ел тарихындағы ең даулы инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бастапқыда оның құрылысы 2011 жылы ұсынылғанымен, нақты жұмыстар тек 2017 жылы басталды. Жобаның сметалық құны бірнеше рет өзгеріп, 1 млрд доллардан асып кеткені мәлім. Бірнеше рет тоқтап қалған құрылыс жемқорлық дауына да іліккен. Бірқатар лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда LRT желісінің сынақ іске қосылуы 2025 жылдың қыркүйегіне, ал толық пайдалануға берілуі 2026 жылдың көктеміне жоспарланып отыр.