Астанадағы тазалық компаниясы: 11 адамның соты өтеді
Астанадағы тазалық компаниясы қызметкерлерінің кейбірі жұмыстан шығарылды және жақында 11 адамның соты өтеді.
Астанада Elorda Eco System қызметкерлерінің жалақы мен сыйақы төлеміне байланысты наразылығы сотқа жетті. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина қамауға алынған азаматтардың тізімін жариялады:
1. Қойшыбай Камалов – 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
2. Ержан Әмзин – 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
3. Насредин Әлібаев – 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік;
4. Ерік Дәметов – 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
5. Қайдар Ысқақов – 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік;
6. Бекболат Мұкатов – 667-бап 1-бөлік, 10 тәулік;
7. Қастер Әбіләшім – 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік;
8. Мирам Тасқынбай – 667-бап 1-бөлік, 5 тәулік.
Құқық қорғаушының айтуынша, жұмысшыларға «билік өкіліне бағынбау» бабы бойынша айып тағылған. Қамауда 8 адам бар, ал тағы 11 адамның әкімшілік соты өтпек. Кейбірі жұмыстан шығарылған.
Естеріңізге сала кетейік, 17 наурызда Elorda Eco System компаниясының 200 шақты қызметкері басшылықтан жалақы мен сыйақыны дұрыс төлеуді талап еткен. Олар 200-300 мың теңге көлеміндегі жалақы жеткіліксіз екенін айтып, наразылыққа шыққан. Мекеменің есепшісі Әсемгүл Шілдебаева «әзірге жалақыны көтере алмаймыз» деп жауап берген.
Бұған дейін наразылыққа шыққан жұмысшылар полиция тарапынан Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген еді.