Астанадағы тіс емханасында көз жұмған 3 жасар қызға байланысты жаңа мәліметтер шықты
Зере Есентай ісі бойынша сотта жаңа деректер айтылды. Белгілі болғандай, балаға 7 ай бұрын бронхо-пневмония диагнозы қойылған, бірақ ата-анасы бұл жайды дәрігерлерге хабарламаған.
Жәбірленуші тарап адвокаты стоматологтан: «Анестезиолог алдын ала ауруды білсе, емдеуден бас тарта алар ма еді?» - деп сұрады. Дегенмен стоматолог нақты жауап бермеді.
Адвокаттар мәлімдегендей, сараптамада баланың өліміне нақты себеп көрсетілмеген. Ми ісінуі мен миокардтағы өзгерістердің себебі анықталмаған. Сарапшылардың пікіріне сәйкес, миокардия бірнеше айда қалыптасады, сондықтан төрт сағаттық отадан пайда болуы мүмкін емес.
Сонымен қатар аппараттағы ауа жеткіліксіздігі, бұрынғы бронхит және наркоздан болатын шоктың расталмағаны айтылды. Екі сараптама да бір-біріне қайшы: біреуі асқазан ишемиясын, екіншісі жүректің тоқтауын көрсеткен. Қайсысы дұрыс екені әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 2024 жылы 30 қазанда 3 жасар қыз тіс емдеу кезінде көз жұмған болатын.