Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:28, 19 Маусым 2023

Астанадағы адамдарды кепілге алу оқиғасы: Мурадовқа қандай жаза тағайындалу мүмкін?

None
None

Астанадағы банктердің бірінде жеті адамды кепілге алған Мурадов қандай жазаға тартылуы мүмкін екені белгілі болды.

Тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Алайда қылмыс жасаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды.

«Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі (»Кепілге алу") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", — деп хабарлады ІІМ.

Тегтер: