17:15, 29 Қазан 2024
Астанаға Путин келеді

Қарашада Астанаға Ресей президенті Владимир Путин келеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Әзірге Путиннің нақты қашан келетіні белгісіз, алайда, Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның хаттамасына сәйкес, 27 қарашада келуі мүмкін.
"Президент сапарға қызу дайындалып жатыр, уақытын жақын арада хабарлаймыз", – деді Песков.