Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:26, 13 Қазан 2023

Астаналық тұрғын тапсырыспен кісі өлтіртпек болған

Полиция
Фото: из открытых источников

Күдіктілер Астана - Көкшетау тас жолында ұсталды.

Астаналық полицейлер тапсырыс беруші мен кісі өлтіруге тапсырыс алған адамды анықтады. 

Polisia.kz мәлімдеуінше, қылмысқа тапсырыс беруші жұмсалған мүлік үшін жауапкершілік алғысы келмей, одан жалтармақ болған.


- Тінту кезінде көліктің салонынан жауынгерлік тапанша мен 9 мм калибрлі 5 патрон табылды, сонымен қатар тапсырыс берушінің үйінен тағы басқа осыған ұқсас 34 оқ-дәрі тәркіленді, - деді Астана қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Арғын Алтынбеков.



Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тегтер: