Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:38, 13 Маусым 2024

Астананың жаңа ауданы – Сарайшық деп аталды

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Елордада Алматы ауданын екіге бөліп алтыншы әкімшілік аудан құру жұмысы жүріп жатыр. 

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен алтыншы ауданның атын қою жөнінде арнайы кеңес өткен.

«Әр ұсыныстың тарихи, мазмұндық астарына үңілдік. Айтылған 15-ке жуық ұсыныстың ішінен басым дауыспен ерекшеленген негізгі төрт нұсқаны қалалық ономастика комиссиясының қарауына алып шықтық. Әр атаудың өз ерекшелігі, тарихи негізі бар. Ол төрт ұсыныс – Сарайшық, Тұран, Сауран, Жерұйық болды.

Жаңа ауданның шекарасы айқындалғаннан кейін қалалық ономастика комиссиясының отырысын өткізіп, жоғарыда айтылған төрт ұсынысты комиссия мүшелерімен бірге талқылап, дауысқа салдық. Комиссия мүшелерінің ортақ шешімімен Сарайшық деген атауды жаңа ауданға беру жөнінде тоқтамға келдік», - дейді Сәкен Есіркеп.

Тегтер: