Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
18:58, 22 Сәуір 2023

Астананың полиция қызметкерлері уақыт сұранысына сай бейімделуде

None
None

Ақпараттық технологиялардың дамуымен бірге елімізде кейбір алаяқтық түрлері де өршіп барады.

Ғаламтор алаяқтары мен қаржылық пирамидаларға қатысты қылмыстардың көбеюі соның айғағы. Сәйкесінше оған алданған адамдар санының да артуы да байқалып отыр. Осы орайда Елордалық полиция қызметкерлері дер кезінде уақыт ағымына сай бейімделіп, қылмыс түрлерінің формасы, мотиві өзгеріп, интернеттегі алаяқтық өршіген кезеңде компьютерді терең меңгеріп, интернетті өз кәдесіне жарата алуы тиіс болып отыр.

Атап өтер жайт, еліміздің бас қаласында бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Астана қаласындағы патрульдік полицей қызметінің сапасын арттыру мақсатында жаңа көліктермен қамтамасыз етіп, саланы цифрландыруға мән беріп, планшеттермен қамтамасыз етіліп жатқаны соның айғағы. Қазіргі таңда заманауи ақпараттық технологияларды терең меңгерген мамандар қылмысты ашуға барынша тырысуда. Заманауи бағыттағы мұндай қызметкерлердің жұмысы бүгінгі күні маңызды болып отыр.

Ел азаматтарының құқықтарын қорғау, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестік іс-әрекеттердің жолын кесу, ұйымдасқан қылмыскерлерге тоқтау қоятын арнайы қызметтің жауынгерлері де жиі жиі оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, үнемі дайындықтарын пысықтауда.

Осы орайда заманауи ақпаратпен мұздай қаруланған полиция қызметкерлері ғаламтор алаяқтарынан, қаржылық пирамидалардан сақ болуға шақыруда. «Елдегі ең танымал банктер тек 12, асып кетсе 14 пайызбен ғана қарызға ақша береді. Ал бұлар 20, 30, 50, 100 пайыздық үстемемен ақшаңды еселеп береміз дейді. Ондай еселеу үшін сенің өзің сегіз адамды алдауың керек. Мысалы, сіз бір миллион теңге салып, 10 миллион теңге алу үшін сол қаржы пирамидасына сегіз адам 1 миллион теңгеден ақша салуы керек. Міне, қарапайым қисын. Ал осы қисынды түсінбеген адам өзі табыс тауып, қуанышқа, бақытқа кенелуі үшін сегіз адамды сорлатады. Сонда біреудің бағы – сегіздің соры болып шығады. Қаржы пирамидасына ақшасын салғысы келген адам осы бір жайды терең түсінсе екен деймін. Ғаламтор алаяқтары да халықтың аңғалдығын пайдалануда. Ғаламторды абайлап пайдаланыңыз, жеке деректерді ғаламторға шығармаңыз» дейді астаналық учаскелік полиция қызметкері Елдос Ағыбай. Сондықтан алаяқтардан сақ болыңыз!

Еркенұр Қонысбай

Тегтер: