Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:17, 03 Қыркүйек 2024

«Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің директоры сотталды

е
Фото: fcc.kz

Астанада «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің директоры сотталды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды. Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды, делінген хабарламада.

Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сонымен бірге мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: