Асылан Қуанышұлы. Қалалық жапырақ

04.11.2019, 15:09

3

Содан соң жел екпініне шыдамаған жас жапырақ сабағынанүзілді. Әуелі көп қабатты үйдің маңдайына дейін көтеріліп, көкжиекке иексүйеген күнді көрді. Кейін өзі өскен қайыңға, қайың түбінен өтіп бара жатқанкішкентай адамдарға назар салды. Кішкентай адамдар аяқтарының астындағы жолдыңқай жаққа алып бара жатқанын өте жақсы біледі. Білгендіктен көңілсіз. Ал бұлжолдан қия басып, межесіне төте жолмен жетуге асықса, қолдан төселген газондыбасқаны үшін айыппұл төлейтіні және бар.

Кенет жаңбыр жауа бастады. Ұсақ тамшылардың салмағыментөмен қарай баяу сырғыды. Оң бүйірінен үрлеген жел жас жапырақты көп қабаттыүйдің көлденең қабырғасындағы жарығы ең әлсіз беймәлім терезенің алдынақұлатты.                                                                  Жапырақ терезенің ішкі бетіндегі қырлы күлсалғышқа көзтастады. Әлдекім жартылай ғана шегілген, тұмсығына далап жұғып қалған темекініжаншылай сөндіріпті. Ал күлсалғыштың қырына сүйей салған екінші темекіні ауашегіп бітіргенін байқау қиын емес. Күлсалғыштың жанында  «Casio» маркалы сағат. Сағат 19:03-тікөрсетіп тұр. Бөлме ішін әйел әтірінің жеңіл жұпары мен Ray Charles-діңәуендері кезіп жүр. Есіктің ернеулерінде, бөлменің бұрыш-бұрышында, қабырғадағыдөңгелек айна бетінде, айна ілінген қабырғаға қарама-қарсы қойылған төсекорнында да – әйел әтірінің жеңіл жұпары, Ray Charlesдің әуендері. Төсекжабдықтары кептелісте қалған бейбақ жүргізушінің аузынан төгілген әбессөздердей шашылып жатыр. Әне, анау төсек пен айна арасындағы кішкентай ғанақуыста ер адамның джинсы шалбары мен пиджагы бір-бірінің үстіне жеңіллақтырылғанын аңдатады. Одан сәл әріде жиектері батыстық үлгіде безендірілгенқоңырқай шифоньер. Шифоньердің алдындағы отырғышта – қою көк түсті, тілшесіжарықпен шағылысатын ескі күйтабақ.                            Джаздың кербез әуеніне қосыла есіктің сыңсыған дауысыестілді. Бір бөлмелі үйге сызыла кірген ол қара топылайын баппен шешті де,судың сарылы бәсең естілетін оң жақтағы қаз-қатар тұрған екі есіктен ақырынөтіп, тамақ ішетін жиналмалы үстелдің үстіндегі қызыл шараптан өзіне сыздықтатақұйып алды. Күртешесін шешпестен саптыаяқтының ішіндегісін қылғытты.

Жуынатын бөлмеден жартылай жалаңаш орта жастағы еркек шықты.  – Байғұс қызды бүгін әбден діңкелеткенге ұқсайсың...        

– Амал не! – деді жігіт, әйелінің секпілді бетінен сүйіп жатып. 
– Оны қашанғы алдамақсың?      
– Аз қалды, жаным. Несиенің кішкене бөлігі жабылсын, сосын өз жөніменжіберемін.                                                                              Әйел жымиғанда, не жылағанда сүйкімді ойықша пайда болақалатын бетінің оң жағын байқатпай сүртті де, қоңырқай шифоньердің алдындағыкүйтабақтың тілшесін көтеріп, музыканы сөндірді. Бөлме ішін кезген Ray Charles-діңдауысы сап тиылды.

– Соны тездетсең етті. Әйтпесе, дала суып барады. 

Ол жеңіл күртешесін шешіп, төсектің үстіне тастады.

– Тезірек жұмыс тапсаң, маған да жақын арада жұмыс табылақойса жақсы еді. Әйтпесе, өзің білесің ғой, жалғыз телефонды ломбардқа қоюғатура келеді.
– Иә, қожайынның ақшасын беретін уақыт та таяп қалды...     
Күйеуі төсекке отырды да, төменге үңіліп:
– Шыға ғой, балам, – деді.  
Диванның астынан көзі мөлдіреп Сатыбалды шықты.     
– Бұған әрі қарай төзе алмаймын, – деді әйел. – Ол көтеріп қойса қайтпекпіз?
– Уайымдамашы, жаным. Сақтықпен жасап жүрмін ғой.
– Сонда да… Сатыбалдыдан ұяламын деп-ақ өлетін болдым.
– Мені ұялмайды дейсің бе? Әлде сенімен бірге далаға шығып кетіп, балаң ауырыпөлсін дейсің бе?
– Қымбат сағат, Iphone-6s алғызғанша, Сатыбалдыға сабақ жазатын дәптер алсаңшы.
– Онда тағы үшем ту.
– Жоқ, кетемін мен, – әйел диванның бас жағындағы бүк түскен суретке телміріп: –Сатыбалдының құлағы естімейтіні қандай жақсы!
– Бұл да құдайдың сыйы шығар, – деді күйеуі.                  
– Саған жағымсыздау жаңалық айтайын. Мен тағы да бір кереңге жүкті сияқтымын.Аулада өзіммен-өзім басым айналып, жүрегім айныды.
–  Суық тиіп қалған болар…
– Солай болсыншы.
Әйел шашы өсіп кеткен баласының басынан сипады. Маңдайынан сүйді. 
–  Мүмкін баланың атын Сатыбалдықойғандықтан ғана осылай болып жатқан шығар бәрі. Адамның аты тағдырын шешедідейді ғой.  
– Өз атыңды есіңе түсірші әуелі, – күйеуі миығын керді. 
– Маған салса атымды Ақшагүл деп, сенің де атыңды Құдайберген емес, Байболсындеп қояр едім.
– Қалай берсе де, Құдай беріп жатыр ғой, әйтеуір.
– Сонда «Құдай» деп отырғаның әлгі сары қатын ба? Мәссаған, Құдайың неткен ашықауыз еді!  
Күйеуі терезенің алдындағы күлсалғыштан тұмсығына далап жұғып қалған, жартылайшегілген темекіні алып, терезені ашты.
– Ол, тіпті, маған темекі қалдырып кетуді де ұмытпады. 
Сатыбалды ауыр қозғалып, диванның бас жағындағы бүк түскен суретті алды да,аялай сипады. Әйел Сатыбалдының қолындағы суретке мұңая қарады. 
– Шыныңды айтшы, жаным, оның мүшелеріне қолың тиген кезде мені есіңе аласың ба?   
– Қалай айтсам екен...
– Бәрібір ол төсекте менен әдемі шығар? – Ол айнаға қарады. Енді байқадыкөзінің астында әжім пайда болыпты.
– Рұқсат берген өзіңсің! – деді шылымын құшырлана сорып жатып.
– Мен келісім берсем де, бермесем де – ол әкесіне айтса үй тұрмақ өзіміздіөртеп кетеді ғой.
– Сен келіспесең, мен оған жақындамас та едім, – Күйеуі темекіні терезеденлақтырып жіберді. – Қазір бәрі кеш…
– Мүмкін мен әкесінің басын айналдырып көрермін? Егер бір-екі күндік ашынасыболсам, түсімізге кірмеген бақытты өмір кешетініміз анық қой. 
– Оның жасы сексенге келді, айналайын-ау! Қанша түрлі лақап естісең де, олқазір алжыды. Саған қарауға денсаулығы шыдамайды.
– Қызық, ол туралы өсек те көп айтылмайтын болыпты. Өліп қалмады ма екен?
– Өле берсін. Сол өлсе қожайынның қабағы жазылатын еді. Қанша дегенмен біздіңқожайынды біраз қақсатқан адам ғой.
– Қызы бізді қақсатып кетпесін тек.       
Екеуі де үнсіз қалды.  
– Мұндай қорқынышпен өмір сүру сондай ауыр, Құдайберген! Үйден кеткенім дұрысшығар…
– Онда мен міндетті түрде оған үйленіп аламын.
– Қайсы, көзі жүз теңгелікке ұқсайтын Құдайыңа ма? – әйел мырс етті. –БастысыСатыбалды далада қалмаса екен.
– Керісінше, оны Лондонға апарып емдеп әкелеміз.
– Бұған да төзе алмаймын. Басқа бір амалын табайықшы?      
– Мүмкін Еуропаға босқын болып барармыз?          
– Атаңның басын армандама! Сосын сенің анау сары қатыныңның әкесі біздіжайымызға қояр деген!       
– Түсінбедім, сен өзің неден қорқатыныңды білмейтін секілдісің. Ойланшы, сеніңқорқынышың –тұрмыстың тауқыметі ме, Сатыбалдының болашағы ма, әлде сарықатынның әкесінің кегі ме – қайсысынан қатты қорқасың?   
– Шын айтамын, білмеймін!                                    
– Білмесең, мен саған жағымсыз жаңалық айтайын. Сатыбалдының құлағының мүкісіжазылып келеді. Ол бізді еміс-еміс естиді.
– Таңғалмаймын!

Осылай деді де, «Ақшагүл» «Байболсынның» құлағына әлденедеп сыбырлады. «Байболсын» орнынан тұрып, төсекке қарама-қарсы қабырғада ілулітұрған айнаға қарай жақындады. «Ақшагүл» ымдап Сатыбалдыны өзіне шақырды.Көзінің мөлдірі кекке алмасқан орта бойлы бала анасының жанына жұлқына жетті.«Ақшагүл» баласына қарай сәл еңкейді де: – Мен нан алуға дүкенге кеттім. Ал,сен сабағыңды жақсы оқы! – деп, қолынан отбасылық суретті алып,  қара топылайын асығыс киіп, есікті сыңсытаашты. Сыңсыта сыртынан жапты.

Сатыбалды жиектері батысша безендірілген қоңырқай шифоньердіңалдындағы отырғышқа қарай сүйретіле барды. Күйтабақтың тілшесін түсіріп, RayCharles-дің «For mama, La Mamma» әнін қосып қойды.

«Casіo» сағаты 21:03-ті көрсетіп тұр. Құдайбергентерезені жапты. Терезенің лебіне шыдамаған жас жапырақ ұшып, төмен қарайсырғыды. Құлдилап бара жатыр. Жанарына тамып кеткен ұсақ тамшыдан байқады,жаңбыр әлі толастамапты. «Дауыл тұрмаса екен, — деп тіледі жапырақ, — қаланыңшетін көргім келмейді. Мүмкін аула сыпырушы бұрышқа сыпырып тастаса, тымболмаса бір бақытты адам кездесіп қалар...»

Жерге екі елі қалғанда көзі жүз теңгелікке ұқсайтын сарыкеліншек аппақ топылайымен жас жапырақты басып кетті. Қалалық жапырақ өзініңжаншылып бара жатқанын емес, тағдыр арқалап бара жатқанын ойлады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 18:56
Тығырыққа тірелген Тұғыл
11.08.2020, 21:58
«Мәдени астана» аясында 7 шара өтеді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:53
Әкім сұрақтарға онлайн жауап берді
11.08.2020, 21:50
«Шәмші аллеясы» жаңарып жатыр
11.08.2020, 21:47
Коронавирустан 3 мыңнан астам адам емдлеліп шықты

Аңдатпа


  • Ахметовтің кадр саясаты ақсай бастады
    21:08
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13