Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:10

Ат мінген жігіттер Алматы-Қорғас тас жолын жауып тастады

1
Фото: из открытых источников

Алматы облысында Алматы-Қорғас тас жолында көкпар ұйымдастырған жігіттер жауапқа тартылды.  

Облыстық полицейлердің хабарлауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Еңбекшіқазақ облысының жолдарында бір топ шабандоздың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактісі анықталды.

«Құқық бұзушыларды учаскелік полиция қызметкерлері анықтап, олар жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция.

Көкпарды ұйымдастырушы Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, төрт қатысушы 5 тәулікке сотталды, қалғандары айыппұлмен құтылды.

Тегтер: