Ата-анасынан айырылған студенттердің жатақханада тұру ақысы өтеледі

Бұдан былай басқа қалада оқитын студенттер жатаққанада тегін тұрады.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларына» өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Енді азаматтардың жекелеген санаттары үшін еліміздің колледждері мен жоғары оқу орындарында білім алу кезінде жатақханада тұру шығыстары үшін өтемақы төлеу көзделген.
Оған сәйкес:
— Жатақханаларда тұру шығыстары үшін өтемақы сомасы жылына 29 айлық есептік көрсеткішті құрайтын болады.
– Биыл барлығы 7 145 адам өтемақы алатын болады;
– Олардың ішінде 4 651 жетімдер және ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер;
– 2 494 мүгедектігі бар, бала кезінен мүгедек адамдар, мүгедектігі бар балалар бар.
Өтемақы осы жылдың қыркүйегінен бастап берілетін болады.