Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:28

Атақты комик Нұрлан Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Нұрлан Сабуров
Фото: ашық дереккөз

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, шоуменнің ісі Украинадағы соғысқа қатысты сыни пікірлерімен және миграциялық, салық заңнамасын бұзған болуы мүмкін жағдайларымен байланысты.

Өткен жылы Сабуровтың Ресейдегі бірнеше концерті тоқтатылған еді.

Сондай-ақ, оның Ресейде 160 млн рубльден астам мүліктің иесі екені белгілі. Оны «Ресейде алынған табысын делдалдар арқылы заңдастыру» күдігімен тексеріп жатыр.

Тыйым 30 қаңтарда күшіне енді. Сабуров 6 ақпан күні түнде Внуково әуежайында ұсталды.