Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:26, 11 Қаңтар 2023

Аталар өсиеті

  • Егер жақсы өмір сүргің келсе, жақсы адамдарды ізде, ал жақсы адамды тапқың келсе жақсы сөйлеп, адамдарға жақсылық жасап жүр.
  • Жақсылықты жақсы адам ғана бағалап, қадірлей біледі.
  • Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы мен мақсаты жоқ адам ғана кедей.
  • Адамды тәрбиелейтін қаталдық емес, мейірімділік пен қайырымдылық.
  • Адам қызғаныштан тез қартаяды, реніштен ауру пайда болады.
  • Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос, ашушаң адам жүдегіш келеді.
  • Әр қиындықта – жеңілдіктер, әр көз жасыңда – қуаныш, әр сабырлықта – абырой бар.
  • Адам басына бақтың қонғанын білмейді, ұшқанын ғана біледі.
  • Бақыт – жарыңыздың адалдығы, бала-шағаның амандығы, отбасының татулығы.
  • Өзгенің қателігін сынаған адам, өзінікін байқамайды.
  • Ақылды адам біреудің кем-кетігін түзеп жүреді, ақымақ біреудікін жіпке тізіп жүреді.
  • Сараң адам алғанына, жомарт адам бергеніне қуанады.
  • Сөйлей беретіндер көп, мағыналы сөйлейтін адамдар өте аз.
  • Басқалардың бақытына қуанып жүретін адам, бір күні өзі де бақытқа жетеді.
  • Біреулер тірі жүрсе де жоқ сияқты, біреулер қайтыс болса да өмірде бар сияқты.
  • Өмірдің жеті кереметі: көру, есту, сезу, сөйлеу, ойлау, қуану және сүю.
  • Жаман қасиетіңді іздеген адам, жақсы жақтарыңды көре алмайды.
  • Айтылғанша сөзге – өзіңіз қожайынсыз, айтылған соң сізге – сөз қожайын.
  • Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы сөзбенен адамды татуластыруға да, жауластыруға да болады.
  • Сөзді байқап сөйле, уақытты босқа өткізбе, мүмкіндікті жіберіп алма.
  • Әйеліңмен дос бол – үйіңе береке кіреді, Азаматпен дос бол – қадіріңді біледі, Білімдімен дос бол – сасқанда ақыл береді.
  • Адамның көңіліне қарап сөйлеу – ол адамгершіліктің белгісі.
  • «Кешірімді» екен деп адамдарды ренжіте беруге болмайды.
  • Ұйықтар алдында бәрін кешіріп, таза жүрекпен ұйықтаңыз.
Тегтер: