Атамбаевқа тағы екі айып тағылды

15.08.2019, 02:00

3

Қырғызстан әскери прокуратурасы елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа тағы екі айып тақты. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне оның адвокаты Сергей Слесарев хабарлады.

Адвокаттың сөзінше, Атамбаевқа екі айып Бішкек ЖЭС жөндеу жұмыстары мен ел астанасындағы «Форум» ғимаратын жекешелендіру кезіндегі жемқорлық ісі бойынша тағылған. Слесарев Атамбаев жаңа айыптар тағылғанынан хабардар екенін айтты.

8 тамызда Қырғызстанның күштік құрылымдары Кой-Ташта жүргізген екінші операциядан кейін елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.

7 тамызда болған алғашқы операция сәтсіз аяқталған еді. Операция салдарынан туындаған тәртіпсіздік кезінде ондаған адам жараланды, бір адам қаза тапты. 8 тамыз күнгі жанжал кезінде де бірнеше адам жараланған. Олардың төртеуі — полицей.

Кейін елдің күш құрылымдары Атамбаевқа «тәртіпсіздіктер ұйымдастыру», «заңсыз қару айналымы», «тергеуге кедергі жасау», «кепілге адам алу», «кісі өлтіру» және «адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша айыптар тағып, қамауға алған.

Видео: Алмазбек Атамбаевты қалай ұстады?

<div class=«c-sticky-element» data-sp_api=«pangea-video» data-persistent> <div class=«c-mmp c-mmp--enabled c-mmp--loading c-mmp--video c-mmp--standard c-mmp--has-poster c-sticky-element__swipe-el» data-player_id="" data-title=«Алмазбек Атамбаевты қалай ұстады?» data-hide-title=«False» data-breakpoint_s=«320» data-breakpoint_m=«640» data-breakpoint_l=«992» data-hlsjs-src="/Scripts/responsive/hls.b"> Алмазбек Атамбаевты қалай ұстады? please wait <video poster=«gdb.rferl.org/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_tv_w250_r1.jpg» src=«rferl-vh.akamaihd.net/i/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f,_mobile,,_hq,_fullhd,.mp4.csmil/master.m3u8» data-fallbacksrc=«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f.mp4» data-fallbacktype=«video/mp4» data-type=«application/x-mpegURL» data-info=«Auto» data-sources="[{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_manifest.mpd»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_manifest.mpd»,«Type»:«application/dash+xml»,«DataInfo»:«Auto»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_mobile.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_mobile.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«270p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«360p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_hq.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_hq.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«720p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null},{«AmpSrc»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_fullhd.mp4»,«Src»:«flashvideo.rferl.org/Videoroot/Pangeavideo/2019/08/b/b7/b7bb5947-dfe4-4f95-8e3a-cacbdbc8332f_fullhd.mp4»,«Type»:«video/mp4»,«DataInfo»:«1080p»,«Url»:null,«BlockAutoTo»:null,«BlockAutoFrom»:null}]" data-lt-on-play=«1» data-lt-url=«livetracker.rfe.pangea-cms.com/counter.lt?PageType=4&RecordId=30100080&SiteId=5&r=206179928&it=0&pd=20190808161000» webkit-playsinline=«webkit-playsinline» playsinline=«playsinline» style=«width:100%» title=«Алмазбек Атамбаевты қалай ұстады?»> Get Adobe Flash Player Embed Бөлісіңіз
Алмазбек Атамбаевты қалай ұстады?
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. <input type=«text» name=«embed_code» class=«c-mmp__input-text js-embed-code» dir=«ltr» value="" readonly /> /> width /> px height /> px /> The URL has been copied to your clipboard <input type=«text» name=«share_url» class=«c-mmp__input-text js-share-url» value=«www.azattyq.org/a/30100080.html» dir=«ltr» readonly />

No media source currently available

0:00 0:06:52 0:00 Жүктеп алу

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады. Үш рет шақырту жібергенімен тергеуге бармаған Атамбаевты министрлік арнайы операция жүргізіп, күштеп әкелуді тапсырған.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтқан. Бішкек бұл айыптардың саяси астары бар дегенмен келіспейді.

Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. Оның орнына билікке 2017 жылдың соңында сайлау жолымен Сооронбай Жээнбеков келген.​

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34