Атамбаевтың Кой-Таштағы үйіне арнайы жасақ келді

08.08.2019, 00:00

3

Қырғызстанның бұрынғы президені Алмазбек Атамбаевтың Кой-Таш ауылындағы үйіне 7 тамызда арнайы жасақ келді.

Атамбаевтың жақтасы Мирбек Айтикеев әлеуметтік желіде тікелей трансляция таратып жатыр. Видеода Атамбаев үйінің маңында маска және арнайы жасақтың формасын киген қарулы адамдар көрінді. Видеодан мылтықтың дауысы да естілді.

Айтикеев кем дегенде екі адамның жараланғанын айтты.

Алмазбек Атамбаевты бірнеше рет тергеуге шақырған Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұл жайтқа байланысты пікір білдірмеді.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, үстінен қозғалған істің саяси астары бар деп мәлімдеген.

Атамбаевтың ондаған жақтасы 22 маусымнан бері оның Кой-Таштағы үйінің маңынан лагерь құрып, штаб ашқан. 3 шілдеде Бішкекте Алмазбек Атамбаевтың жақтастары наразылық шарасын өткізіп, қазіргі биліктің отставкаға кетуін талап етті. Бұл шараға Атамбаевтың өзі де қатысқан.

Шілденің соңында Атамбаев Ресейге барып келген. Онда Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. Атамбаевтың сөзінше, ол Путинмен Қырғызстандағы ахуал, саяси тұрақтылық қажеттігі жайлы сөйлескен.

Кремльдің хабарлауынша, Путин Атамбаевпен «аймақ пен Қырғызстандағы ахуалды» талқылап, Хабарламада бұған қоса Путиннің қырғыздарды қазіргі президент төңірегінде топтасып, мемлекет дамуына көмектесуге шақырғаны да айтылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39