Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:07, 11 Мамыр 2023

Атамекен ҰКП-ның бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

None
None

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Жас Алаш.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.

«Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан «Атамекен» одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.

Тегтер: