Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 09 Қаңтар 2020

«Атамұра» 1000 кітап сыйға берді

Ұлттық кітапхана қоры бірден 1000 кітапқа молайды. Қазақруханиятының жанашыры, қолдаушысы «Атамұра» корпорациясы өз баспасынан жарықкөрген кітаптарды оқырманның барынша қолжетімді деңгейде пайдалануына ұсынды.

Қазақ ақын-жазушыларының әралуан тақырыптағы әдеби кітаптары,  анықтамалықтар, салт-дәстүрге қатысты еңбектер,балаларға арналған басылымдарды қамтыған бағалы әрі құнды кітаптар Ұлттықкітапханаға тегін сыйға берілді.

 Іс-шараға ҚабдешЖұмаділов, Дулат Исабеков, Мұрат Әуезов, Кәдірбек Сегізбаев, т, б танымалқаламгерлер, қайраткерлер, оқырмандар, кітапханашылар, зиялы қауым мен БАҚ  өкілдері қатысты. «Атамұра» корпорациясыныңпрезиденті Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед «Атамұраның» жетістіктерін, игішараның мән-маңызын айта келіп, кітап сыйлаудағы негізгі мақсатына тоқталды. Сондай-ақ,алдағы уақытта да оқырман көңілінен шығатын кітаптарды көптеп шығаратынынжеткізді. Басқа да қаламгерлер бұл бастамаға қуана қолдау білдіріп, кітапшығару мен тарату саласындағы өзекті мәселелерді қозғап, өз ұсыныстарын айтты.

   «Атамұра» баспакорпорациясы оқулықтармен қатар энциклопедиялық және балаларға арналғанбасылымдар, анықтамалық, ғылыми және ғылыми-танымдық әдебиеттер, сөздіктер,көркем проза мен поэзия, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерініңеңбектері мен полиграфиялық өнімнің барлық түрлерін шығарып таратады.                                       

    Бүгінге дейін«Атамұра» корпорациясы «Атырау», «Қарағанды», «Маңғыстау», «Ақмола», «Астана»сынды аймақтық энциклопедиялармен бірге белгілі қазақ ғалымдарының, және қоғамқайраткерлерінің еңбектерін сапалы шығаруы отандық кітап мәдениетінің ірі жетістігінеайналды. «Атамұра» кітапханасы» сериясымен 150-дан астам ақын-жазушылардыңтуындылары, сонымен қатар балалар әдебиетін қолдау, насихаттау мақсатында«Атамұра» мектеп кітапханасы» сериясымен бүлдіршіндерге арналған қазақ жәнеорыс тілдеріндегі көркем безендірілген кітаптар, ертегілер, мектеп жасындағыбалаларға арналған танымдық кітапшалар басылып шықты.        

    Корпорация ҚР Президентінің «Құрмет»дипломымен марапатталды. Парижде корпорацияға Өндіріске ықпал етуассоциациясының (SРІ) алтын медалімен, Женевада Халықаралық Алтын жұлдызбен,Мальтада «Хрусталь рыцары» дипломымен, «Еліміздің үздік баспасы «Алтынжұлдызымен» марапатталды. Нью-Йорк (АҚШ) қаласында Халықаралық «Quality Summit»Платина сыйлығына ие болды. «Атамұра» корпорациясы ТМД елдері бойынша Мәскеуқаласында өткен кітап көрмелерінде бірнеше рет арнайы дипломдарменмарапатталды.
Тегтер: